Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Бір үйдің жеті келіні": Абысындарын көрсеткен Жазира Байырбекова елді тәнті етті

"Бір үйдің жеті келіні": Абысындарын көрсеткен Жазира Байырбекова елді тәнті етті

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова карантин уақытында барша абысындарымен қауышып жатқанын айтты. Бір үйдің жеті келіні бас қосып, бүгінде қайын жұртына барынша қызмет етуде. Өнер иесі ел басына түскен қиын кезеңде бір шаңырақта жиналған абысындарымен түскен суретін желіде жариялап, көпшілікті тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова әулетте жалғыз келін емес екенін айтып, алты абысынын көрсетті. Ол бір үйдің жеті келіні бой көрсеткен фотомен Instagram парақшасында бөліскен. "Не жаңалық болып жатыр? Жақсы жаңалықтардан дәмеленіп, анда-санда телефонымды ашып қараймын. Бірақ,қай ақпарат дұрыс екенін білмей қалады екенсің. Суретте бір үйдің 7 келіні.Мен шетте тұрмын, басымның төбесі көрініп. Барлығы қара шаңыраққа жақын тұрады. Сурет біз келген күндері карантинге дейін түсірілген. Әулеттің нешінші келінісіз деген сұраққа жауап. Төрде тұрған генералдан бастап санай беріңіздер. Бәрінің маған деген көңілдері әппәқ (деп ойлаймын). Абысын,келіндеріммен" , - деп жазды өнер иесі. Желі қолданушылары суретте тату-тәтті болып тұрған абысындарға тәнті болып, оларға деген ыстық лебізін жарыса білдірген.
Шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі карантин басталмай тұрып, Жанболат Ербатыровтың туған үйіне ауылға кетіп қалған болатын.
Ескерту: Бұл суреттер карантинге дейін түсірілген.
15 сәуір 2020 ж. 646 0