Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Хит ән шығармаймын": Өнер адамдары қалай күн көріп жүргендерін айтты

"Хит ән шығармаймын": Өнер адамдары қалай күн көріп жүргендерін айтты

Той-томалаққа шектеу қойылғалы бері асаба-әншілердің дені табыстан қағылды. Бірақ арасында тәубә дейтіндері де бар. Карантин кезінде тойдан қағылған әнші-бишілердің жағдайы қиындады. Мұны елге танымал эстрада жұлдыздарының өздері мойындап отыр, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Карантинге дейін халық жұлдыздарды сағынатын, қазір жұлдыздар халықты сағынатын болды. Пандемия оларды да "алтын торға" қамап қойды.  

"Шынын айту керек, қазір хит болады-ау деген әндерді шығаруға талпынып отырған жоқпыз. Өйткені ол бәрібір өзін-өзі өтемейді", - дейді әнші Ербол Шәріпов.

Той-томалаққа шектеу қойылғалы бері асаба-әншілердің дені табыстан қағылды. Бірақ арасында тәубә дейтіндері де бар. Белгілі әнші Абай Бегей еш қиналмағанын айтады.
"Мен Республика сарайында Алматы әуендерінде жұмыс істеймін. Жалақымызды ай сайын алып тұрамыз. Қатты қиналмадық. Мұнда жұмыс істемейтіндерге қиын ғой, той жоқ, концерт жоқ. Ондай отбасылар бар, барлығын көріп жатырмыз", - дейді Абай Бегей.
Асаба Нұржан Аташ та аш отырған жоқ. Жиған-тергенін салып, жеке кәсіп ашып алыпты.

"Өзімнің тұрақты жұмысым бар. Одан бөлек, осы тойдан тапқан табысымыздың арқасында азды-көпті кәсіп ашып алдық. Ал енді құр тоймен ғана өмір сүріп жүрген адамға сөзсіз қиын", - деп атап өтті Нұржан Аташ.


Карантин өнер адамдарынан бұрын рестораторларға ауыр тиді.
Экономист Мақсат Серәлінің айтуынша, карантин шағын және орта бизнеске өте қатты әсерін тигізіп жатыр. Әсіресе тойханалар мен мейрамханалар шығынға батқан.   
qazaly.kz
18 қараша 2020 ж. 497 0