Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мұхтар Ниязов: Бұл шыққан биігіміздің басы

Мұхтар Ниязов: Бұл шыққан биігіміздің басы

Үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов туған жеріне келді. Аймақ басшысы Г.Әбдіқалықованың қабылдауынан кейін журналистермен кездесіп, пікірлесті.
Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған аламан айтыс Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Айта кетейік, Сырдың мақтанышы Мұхтар Ниязов «Алтын домбыра» айтысының барлығына қатысқан. Осыған дейін екі рет бас жүлдені қанжылаған болатын. Үшінші мәрте жеңіс тұғырынан көрініп, «Алтын домбыраның» мәңгі иегері атанды.
«Сырға барсаң жыршымын деме» деген сөзді ауызбен бәріміз айтамыз. Бірақ іспен дәлелдеуге дайын болуға бәріміз атсалысуымыз керек. Бұған дейін де солай болған. Қаншама халықаралық додаларда топ жарып жүрміз. Алдағы уақытта да бұнымен тоқтамаймыз. Бұл шыққан биігіміздің басы деп ойлаймын. Пандемияға байланысты биыл айтыс үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Ең бірінші кезеңде Бекарыс Шойбековпен, одан кейін Арқалықтың ақыны Айбек Қалиевпен, сосын Семейлік Серік Қуанмен айтыстым. «Арық сөйлеп, семіз шық» дейді. Халық бағасын өзі береді, – деді Мұхтар Ниязов.
Биыл додада 20 ақын бақ сынады. Сегіз ақын жартылай финалға сөз сайыстырды.
kyzylorda-news.kz
10 желтоқсан 2020 ж. 900 0