Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылорда: «Самғаның» бишілері Польша мен АҚШ-та топ жарды

Қызылорда: «Самғаның» бишілері Польша мен АҚШ-та топ жарды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде 1-орын иеленді. 
Қашықтан ұйымдастырылған шарада көптеген мемлекеттің шығармашалық топтарымен бақ сынасқан жас зияткерлер қазақ биін орындап, үздік деп танылды.
Сондай-ақ, ұлттық өнерді әлемге танытуда  11-сынып оқушысы Баян Сарибаева жеке орындауда ерекшеленді. Польшаның  «DIGI-TALENTY. JESIEN-2020» халықаралық фестивалінде «Қыз қиялы» атты  би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.   
Айта кетейік, «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның 50-ден астам белсенді  мүшесі  әртүрлі жанрдағы хореографияны меңгеріп, мәдени мұраны насихаттап келеді.
Ұжымның жетекшілері кәсіби хореографтар Жұлдызай Мауленова мен Ақмарал Алибекова оқушылардың жан-жақты және шығармашылық потенциалын дамытуда зор үлес қосып келеді.
Балалардың талантын ашуда және ұлттық өнерді  жаңғыртудағы еңбектері үшін педагогтары да ұйымдастырушылардың Алғыс хаттарымен марапатталды.

kyzylorda-news.kz​​​
23 желтоқсан 2020 ж. 439 0