Қызылорда: 144 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері атанды

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша республикалық комиссияның қарауына 643 үміткер жіберілді. Республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша 2020-2021 оқу жылынан бастап Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 144 үміткер (96 – қазақ тобы, 48 – орыс тобы) «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, 499 үміткер келесі оқу жылына жарамды болатын резервтік тізімге бекітілді.
Грант иегерлерінің тізімін сілтеме арқылы көруге болады.