Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кәмшат Жолдыбаева пластикалық ота туралы ашық айтты

Кәмшат Жолдыбаева пластикалық ота туралы ашық айтты

Қазақстандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева сұлулыққа және пластикалық отаға деген көзқарасын ашық айтты.

Бұл туралы әнші Gakku арнасының «Если честно» бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz.
Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваның фанаттарын оның пластикалық отаның көмегіне жүгінгені туралы сауал жиі мазалайды. Сондықтан әнші тыңдармандарының көкейінде жүрген сауалға жауап бергенді жөн көрді.
«Адам іштей өзгергенде, жетістікке жеткенде, рухани толыққанда, оның сырт келбеті де өзгереді. Мен қазіргі уақытта көпшіліктің сырт келбетке баса назар аударатынын дұрыс деп санамаймын.
Өз басым салауатты өмір салтын, табиғатпен үйлесімділікті қолдаймын және табиғаттан болатын заттарға қол сұққым келмейді. Егер өз келбетімді өзгертсем, одан бақытты болып кетпеймін», – дейді Жолдыбаева.
Stan.kz
30 мамыр 2018 ж. 2 594 0