Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әнші Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырып алды

Әнші Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырып алды

Танымал әнші Толқын Забирова екінші рет коронавиурс жұқтырып алғанын айтты.
Әнші Instagram-дағы парақшасына вирусты екінші рет жұқтыру мүмкін емес деген ойда болғанын жазды.

Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп... Антидененің арқасында жеңілірек өтіп жатыр.Тек мамама ауыр болып тұр. Жасы 74-те. Алла шипасын берсін мамама, – деп жазды Забирова.
Сонымен қатар ол коронавирусқа қарсы екпе алған дұрыс деген ойын білдірді.

Дер кезінде екпе алған дұрыс екен. Бір-ақ осындай жаста, үлкендерге жасатуға болар ма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар, – деп жазды әнші.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова Алматыда коронавирусты екінші рет жұқтырудың оннан астам жағдайы тіркелгенін мәлімдеген.

baq.kz
19 сәуір 2021 ж. 521 0