Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Роза Әлқожа қара магияның құрбаны болғаны рас па?

Роза Әлқожа қара магияның құрбаны болғаны рас па?

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа "Опмай-Опмай" бағдарламасында берген сұхбатында дуа, оқыту, қара магия, көз тию жайлы өз пікірін білдірді.Эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа соңғы кездері сахнадағы кештерінең соң біртүрлі өзгерістерді байқайтынын айтты.

Ол сөзінде өзінің ырымшыл екендігін айтып, көз тию, оқыту, дем салу дегендердің бәріне сенетінін айтты.
"Үлкен ән кештерден соң киімдерімнің түймелері сынып қалады немесе түсіп қалады. Киімдерім жыртылып қалып жатады. Халықтың көзі, назары болғаннан кейін мен бұны жақсылыққа бағалаймын. Жап-жаңа киімімдегі түймелер концерттең соң пырт-пырт етіп түсіп қалады. Сол үшін көбінесе мен жылтырлап тұратын заттар, жейдемде не болмаса костюмда болғанын дұрыс деп есептеймін. Сонда назар соған ауып сол үзіліп түседі. Әйтпесе мен топ етіп құлап қалам, қатты ауырамын. Одан кейін өзіме дем салып, тұзды суға шомылып өзімді тазалау керек боламын. Жалпы ата-бабаларымыздың кезінде көз тию деген ұғым болған ғой." -дейді.

Әнші Роза әпкесінің де қара магияның құрбаны болғанын айтып қалды:

"Жалпы оқытып тастау, дуалау деген нәрсе халық арасында бар ғой. Мен оны өз көзіммен көрдім. Роза әпкемді солай сыртынан оқытып тастаған екен. Әпкемізді өзіміз танымай қалдық, не сөйлегенін өзі білмейді сандырақтап әр нәрсе айтты. Әлсіреп қатты ауырды. Кейіннен білдік қой сыртынан біреу оқытқандығын. Сондай-сондай жағдайлар көп кездесіп жатады жалпы. Сол себепті сүрелерді барынша кез-келген сәтте жаттап, айтып жүрген абзал" – деген тілшілерге берген сұхбатында

qazaly.kz
29 мамыр 2021 ж. 713 0