Дана Нұржігіт: Үйде коронавируспен ауырмаған адам қалмады

«Індет өршіп,қайта қаһарына мінді. Сақ болыңыздар!
Әлім, анам, атамыз екі апта бойы ем қабылдап, ковидтің қақпанынан босап шықты. Енді біздің үйде ауырмаған адам қалмады. Бәріміз бір аунап тұрдық», – дейді депутат.
Дана Нұржігіт жолдасы екеуі коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Алайда дәрігерлер үйдің үлкендеріне жарты жылдан кейін алуға болады, деген.
«Той-тұмалақты, жиындарды тоқтату керек! Біздің үйдің үлкендері енді түсінді-ау! Бір түнде ауруханаға 31 адам түскенде! Қанша айтқанымда,»Құдай сақтасынмен…». қайтаратын.
Маңдайға тимейінше сенбейтінімізді-ай осы!» – деп түйіндеді сөзін ол.
kyzylorda-news.kz