Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дана Нұржігіт журналистика факультетіне тапсырғанын отбасынан жасырған

Дана Нұржігіт журналистика факультетіне тапсырғанын отбасынан жасырған

Дана Нұржігіт журналистика факультетіне тапсырғанын отбасынан жасырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Эхо Петербурга" арнасына сілтеме жасап.

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жатақханада тұрып оқығаны жайыл айтып берді. Музыкалық мектеп-интернатты бітірген ол, ата-анам шығармашылыққа жақын болғанымды қалады дейді. Белгілі тележүргізушінің ата-анасы да музыкант болған. 
"Мен әкеме мұғалім, адвокат, журналист немесе филолог болғым келеді деп айтатын едім. Бірақ ата-анам музыкалық мектепті жөн деп шешті. Өйткені өздері де сол жерде оқыған, оған қоса интернатта тұрдым. Ал ата-анам оқып жүріп жұмыс жасады. Үйде үш бала едік, үшеуіміз де сол мектепті бітірдік", - дейді Дана Нұржігіт.
Журналист болғысы келген Дана Нұржігіт үйіндегілерден жасырып, журналистика факультетіне тапсырған. Алайда, анасы бұл жайлы біліп қойып, консерваторияға оқуға түсірген көрінеді. Осылайша белгілі журналист консерватория бітірсе де, жаны сүйген бағытты таңдағанын айтты.
"Мектепті бітіргеннен кейін ата-анама айтпай, Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне тапсыруға бардым. Артынша анам бұл туралы біліп қойып, қалаға келді. Ол кезде анам Алматының шетінде тұратын. Сөйтіп абитурент кезімде менімен бірге жатақханада тұрып, бақылады. Консерваторияны бітіргенімді қалады", - дейді Дана Нұржігіт.

https://stan.kz/dana-nyrzhigit-zhurnalistika-fakultetine-tapsirganin-otbasinan-zhasirgan-320615/   

13 тамыз 2019 ж. 1 255 0