"Ән айтқызатын күйеуге шықтым": Роза Әлқожа өмірлік таңдауы туралы

Ал өнерге келуін әнші тұрмысқа шығуымен байланыстырады. Күйеуі журналист болғандықтан, әнші өнерге қадам басқанын жасырмады. Осылайша Роза Әлқожа өмірлік таңдауын жасаған.
"Ән бағытындағы оқуға түсуге ата-анам қарсы болды. Тіл маманы, мұғалім бол деп жіберді. Мен барып журналистикаға түстім. Ән айтуыма болмайды ма деп сұрағанымда "Күйеуге шығасың, күйеуің рұқсат берсе, айтасың" деді. Сосын мен ән айтқызатын күйеуге шықтым", - дейді Роза Әлқожа.