"Бүгінгі екі әпенделігім": Роза Әлқожа қызықты оқиғасын бөлісті

Тойдың болатын уақытын шатастырып, елдің құлағын көтеріп қойғанын айтып, тағы да күлкіге қарық қылды өнер иесі. Бірнеше ай бұрынғы тойға қалай ерте барып қала жаздағаны туралы да жазды Роза Әлқожа. Әнші өзі шатасқанымен қоймай, елді де шатастырған.
"Жақсы көретін көкеме 24 маусымда бір журналист сіңлімнің тойына Қызылордаға барам, сізге соғам деп, соғып отырмын. Одан Мұхтар ініміз хабарласты. Келе жатыр екенсіз ғой деп. Ия, бірақ арғы күні деп қоям. Сөйтсем көмекшім шатасып ертең бара жатыр депті. Енді қызықты қараңыз. Күнсұлу мен Мұхтар жазады. Негізі той 24 тамыз екен ғой деп. Енді мен не дейін", - дейді Роза Әлқожа.