Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Құзырлы органдардың көмегіне жүгінемін": Желі қолданушысы Дана Нұржігіттің намысына тиді

"Құзырлы органдардың көмегіне жүгінемін": Желі қолданушысы Дана Нұржігіттің намысына тиді

Дана Нұржігіт ауыр сөз жазып, намысына тиген желі қолданушысын жазаламақ

Желі қолданушысының пікірі Дана Нұржігіттің ашуын келтірді. Жеке басын балағаттап, отбасына сөз келтірген қолданушы жазбасын алып тастамаса, заңмен жазалайтынын жасырмады ол. Бұл сөздерді естіп, денсаулығына да зақым келгенін тілге тиек етті Дана Нұржігіт.
"Мынаны жазып отырған адам қаншалықты ауыр сөз екенін түсініп отырған шығар. Ұлтаралық мәселе болғаны былай тұрсын, отбасылық тыныштыққа төнген қауіп. Баламның намысы, өзімнің денсаулығым. Үндемей өшіріп тастасын! Халықтың арасынан шықсаңыз, бүркенбей, бетіңізді ашыңыз! Құзырлы органдардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Жетер енді!", - деп жазды Дана Нұржігіт.
Клара деген бүркеншік атпен желіде тіркелген қолданушының тележүргізуші тарапына айтқан сөздері аса ауыр. Ұлының, өзінің намысын таптап, халықты кірістіріп жіберген.
"Бұл Даналарың неміспен тұрғанда мысық еді, қазаққа тиіп, құтырды ғой. Өзінің де халықтың арасынан шыққанын ұмытты", - деп жазған белгісіз жан.
http://stan.kz
07 маусым 2019 ж. 1 040 0