Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ақпын, адалмын, тазамын": Соққыға жығылған Сәуле Әбединова көпшілікке үн қатты

"Ақпын, адалмын, тазамын": Соққыға жығылған Сәуле Әбединова көпшілікке үн қатты

Күні кеше Сәуле Әбединова ІІБ-ден шыққаннан кейін соқыға жығылып, ауыр жарақаттар алған болатын. Оған дәрігерлер "миы шайқалған" деген диагноз қойды. Сондай-ақ, танымал тележүргізуші болған жағдайларға қатысты желіде видеолар бөлісті,

Сәуле Әбединова бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желіде өзін қолдаған жандарға алғыс айтып, біраз уақыт "фейсбукке" кірмейтінін айтты. 
"Достар! Соңғы жағдайларға байланысты алаңдап, тілектестік ниет білдіргендеріңіз үшін сіздерге алғысым шексіз. Мен қылмыскер емеспін. Ақпын. Адалмын. Тазамын. Ұлт үшін, ұрпақ үшін қолымнан келгенін істедім. Бірақ қазақтың тағдыры әуелі Алланың, сосын өздеріңіздің қолдарыңызда, - менің қолымда емес... Денсаулығыма байланысты, өміріме қауіп төнуіне байланысты "фейсбукке" біраз уақыт кіре алмаймын. Амандықта жолығуға жазсын!" - дейді ол. 
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде қолдау білдіріп, тез сауығып кетуін тіледі. 
"Аянышты. Алла өзі қолдап жүрсін. Осыны істеген адамдар Сәуле секілді зар жылап қалмасына кім кепіл? Өзі жалғыз ұлынан айырылып, қанжылап отырған анаға осылай істеген соң білмеймін. Басқаларға не істейтінін бір Алла білер. Көп балалы аналарды қолдап, жақсылық жасағаны осылай қайтты ма? Ардан безгендер бір Құдай куә. Сәуле, бір Алла өзі қолдасын", - деп жазды желі қолданушысы Салима Теміртай. 
Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Сәуле Әбединованың бірнеше полиция бөлімшесінен шақырту алғанын, сондай-ақ, бөлімшеден шыққан соң соққыға жығылғаны туралы хабарлаған едік.
06 маусым 2019 ж. 897 0