Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәуле Әбединова өзі көмектескен қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайға не себепті ренжігенін айтты

Сәуле Әбединова өзі көмектескен қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайға не себепті ренжігенін айтты

Тележүргізуші Сәуле Әбединова осы уақытқа дейін қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайға қол ұшып созып, Қытай еліне қайтарылмауына бар күшін салды. Алайда тележүргізушінің бүгінде Сайрагүлге деген өкпесе қара қазандай, деп хабарлайы Stan.kz.
Сәуле Әбединова өзі ауырып жатқанда көңілін сұрауға жарымай тек өзіне көмек керек кезде ғана іздегені үшін Сайрагүл Сауытбайға ренішін білдірді. Одан бөлек қара жамылып, өз басымен қайғы болып жүргенде Сайрагүлдің халыққа аянышты көріну үшін видео түсіріп жариялағанын түсінбей дал. Тележүргізуші Сайрагүл үшін күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей қолдау білдіргенін еске алды. Оның әрекетінен көңілі қалғанын айтты. Айтуынша, көңілін сұрауға жарамаған олар ауруханадан шығатын күні “пәтер табуға көмектес” деп өтініш айтқан.
“Мәселе “ауруханаға көңілімді сұрап келмеді” деп ренжуде емес, мәселе – “сыйға сый, сыраға – бал” дейтін қазақтығымда, “бір атым насыбайдан көңілім қалатын” қазақы адалдығымда… өзгеден де дәл өзімдей ақ көңіл, адал ниет күтетінімде. Онысын қойшы, дәл мен екінші балапанымызды – әпкемнің баласы, Абзалыммен тел өскен Нұрсұлтанымыздан айырылып қан жұтып отырғанда, Сайрагүл мен Уәли тақиялы сайтанмен бірігіп, біз оларды лақтырып кеткендей, халыққа мүсәпір боп көрініп видео жариялағанын қалай қабылдауым керек?, – деп жазды тележүргізуші.
Сәуле Әблдаханқызы бұдан былай Сайрагүлге тек сырттай тілекш болатынын, оның босқын мәртебесін алуды қалайтынын, бірақ бұрынғыдай құрақ ұша алмайтынын айтты.
Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты. Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды. Сайрагүл үкіметтен босқын мен азаматтық алу үшін көмек сұрады. Айта кетейік, 4 қазан күні шыққан сот шешіміне сәйкес, Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруге, саяси баспана беругебас тартылды.
Stan.kz
08 қараша 2018 ж. 1 372 0