Лукашенко Роза Рымбаеваға сыйлық табыс етті

Бұдан бұрын хабарланғандай, Витебскте Роза Рымбаеваның атаулы жұлдызы пайда болған еді.
Sputnik Беларусь агенттігіне берген сұхбатында Рымбаева атап өткендей, бұл сыйлық – оның шығармашылығына берілген жоғары баға.
Айта кетсек, Беларусьте 12-16 шілде аралығында "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі өтеді.
Халықаралық байқауға Қазақстанның атынан 23 жастағы Ернар Сәдірбаев қатысады. Ол көпшілікке Әмре деген атпен белгілі. Сәдірбаев Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының төртінші курсында оқиды, R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрында ән айтады.
/sputniknews.kz/