Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Қашанға дейін шыдай алар екем?" Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды

"Қашанға дейін шыдай алар екем?" Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды

Ақбота Керімбекова оқырмандарына жан сырын ақтарды. Ол әлдебір шындықты жария еткісі келіп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Көптен бері көрінбей кеткен әнші Instagram-да сырға толы жазба қалдырып, фанаттарын алаңдатып қойды.
"Әр шындықтың астарындағы сұмдықтардан сескеніп, көбіне үндемейтініміз бар... Мүмкін оным дұрыс емес пе екен?! Қашанға дейін шыдай алар екем?.. Ақтарылғым келіп жүр" - деді әнші.
Керімбекованың әнін сүйіп тыңдайтын фанаттар ол үшін уайымдап қалды.

"Айналаң тұнған өтірікпен өрілген өмір, рас айтасың. Қай салада да әділетсіздік, қаптаған алаяқтар. Сұмдық", "Сұлу қыз, бәрі жақсы болады", "Амал қанша өмір сүреміз де, қазақ халқының билікке өкпесі бар, бәрін сатып болды, әттең жалған", "Сіздің де назыңыз билікке ғой сол баяғы. Балаларымызға бақытты болашақ, елімізге тыныштық нәсіп етсінші Алла", "Алла сабыр берсін", - деп жазды олар.
20 тамыз 2021 ж. 1 356 0