Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Несиені онлайн тіркету процедурасы енді қиындай түседі

Несиені онлайн тіркету процедурасы енді қиындай түседі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі электронды құралдар көмегімен шағын несие тіркету ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Жоба басқа адамға шағын несие тіркету тәуекелдерін жою және микроқаржы ұйымдарының тұтынушыларға қатысты жеке бас мәліметтері қауіпсіздігін күшейту мақсатында әзірленді, оның ішінде микронесие беру кезінде клиентті бағалау механизмін қолдануда ұялы байланыс операторының дерекқорындағы абоненттік нөмір иесінің жеке сәйкестендіру нөмірімен өздеріне ұсынылған жеке сәйкестендіру нөмірді салыстыра отырып, тексеру де бар, делінген құжатта.
Сондай-ақ, тұтынушының жеке кабинетіндегі сәйкестендіру мен аутентификациялауға қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді.
Қаулы жобасы 17 қыркүйекке дейін қоғамның талқылауы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.
06 қыркүйек 2021 ж. 1 186 0