Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

Қазақстанда несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

Қазақстандық кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдікті шарттары бойынша несие мерзімін ұзартуға мүмкіндік берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтып берді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында Әбілқасымова 16-наурыздан 15-маусымға дейін жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнеске несие бойынша төлемдер жасау кейінге қалдырылғанын айтты. Нәтижесінде 1,8 миллион адам немесе барлық жеке қарыз алушылардың 34 пайызы кешіктіруді пайдаланған. Кейінге қалдырылған төлемдер сомасы 268 млрд. теңгені құрады.
"Төтенше жағдай режимінің аяқталғанына қарамастан, ШОК субъектілерінің қызметін қалпына келтіру біркелкі емес және толық емес, тауарлар мен қызметтерге сұраныстың төмендеуі байқалады, тауар айналымы мен кіріс төмендеді, сондықтан алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі төмендеді. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 16-маусымы мен 15-қыркүйегі аралығында ШОБ субъектісі қосымша қолдау шараларын сұрап банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгінуге құқылы. Несиелік ұйымдар әр кәсіпкер үшін жеке-жеке оның қаржылық жағдайын, төтенше жағдайлар мен карантиннің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және ШОБ қаржылық жағдайын қалпына келтіру перспективаларын бағалайды", - деді Әбілқасымова.
Бірінші бағыт - қаржылық жағдайды қалпына келтіру үшін белгілі бір уақытқа кейінге қалдырылған төлемдерді ұсыну.
Екіншісі - нарықтық мөлшерлемемен несие беретін шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген шарттармен қарыздарды қайта қаржыландыру.
"Барлық ШОБ, оның ішінде кейінге несиелері кейінге қалдырылған адамдар да осы мүмкіндікті пайдалана алады", - деп қосты ол. 

23 маусым 2020 ж. 869 0