Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман: Қазақстанда несиелер төтенше жағдай кезінде кейінге шегерілгендіктен артық төлем алынады

Маман: Қазақстанда несиелер төтенше жағдай кезінде кейінге шегерілгендіктен артық төлем алынады

Қазақстанда несиелер бойынша артық төлемдер төтенше жағдайлар кезінде қарыз алушылардың несиені кешіктіріп төлегені себепті заңды түрде ұлғаюы мүмкін.
Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Елена Бахмутова айтты,  деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың несиені кейінге қалдыру туралы жарлығынан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірледі.
«Онда несиені үш айға дейін кейінге қалдыру керек деп айтылды. Кейінге қалдырылған кезеңде ешқандай төлем төленбейді. Бірақ бұл пайыздар кешірілді дегенді білдірмейді, яғни банктің несие бойынша пайыздары кешірілмейді. Бұл дегеніміз, сыйақы түрінде есептелуі тиіс сомалар кейінге қалдырылады және келесі кезеңдерде төленеді. Әдетте, бұл несие мерзіміне сәйкес кезеңге немесе одан да көп мерзімге ұзартуға қолданылады», - деді ол.
Қаржыгердің айтуынша, несиені кейінге қалдыру неғұрлым ұзақ болса, қарыз алушы үшін ай сайынғы төлем азаяды. Бұл жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің де төмендейтіндігін білдіреді.
«Артық төлем - бұл несие мерзімі ішінде төленген сыйақылардың жалпы сомасы. Ал ол ұлғаюы мүмкін, өйткені кейінге қалдырылған кезеңде сыйақы әлі де төленеді. Оны келесі кезеңдерде төлеу керек болады», - деді Елена Бахмутова.
Айта кетейік, бұған дейін елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты несие алушылар өтініш беру арқылы несие төлеу уақытын үш ай мерзімге кейін шегере алатындығын хабарлаған болатынбыз.

10 сәуір 2020 ж. 602 0