Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк кейбір қазақстандықтарға несие бермеуді ұсынды

Ұлттық банк кейбір қазақстандықтарға несие бермеуді ұсынды

Ұлттық банк несие бойынша төлем жүргізе алмайтын қазақстандықтарға несие бермеуді ұсынды. Қаржы нарығын, микроқаржыландыру қызметін реттеу және дамыту туралы заң жобасына осындай түзету енгізбек,

«Сіздің ақпаратыңыз бойынша, 5 миллионға жуық адам, яғни еңбекке жарамды халықтың шамамен 30 пайызының несие бойынша қарызы бар. Ол шамамен 4 триллион теңгені құрайды. Ұлттық банктің мұның бәрін бақылауға өкілеттігі болмады ма? Бұған қалай жол бердік?» - дейді сенаттың қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ғұмар Дүйсембаев. 
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков несие бойынша төлем жүргізе алмайтындарға қарыз бермеу керектігін айтты.
«Бұған дейін қарыздармен жұмыс істедік. Жалпылама қарыз мәселесі емес, несиенің оны төлей алматындарға қолжетімділігі мәселесі бар екенін түсінеміз. Сондықтан заң жобасы төлем жүргізу қабілетін талдауды күшейту қызметін қарастырады. Біз теңдестірілген тәсілге назар аударылуы керектігін айтып отырмыз. Бір жағынан, несие – жақсы. Ал екінші жағынан, несиені төлей алмайтындар, оны алмауы керек», - дейді Олег Смоляков.
21 маусым 2019 ж. 930 0