Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы ағымдағы жылдың шілдесінде жүзеге асырылмақшы

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы ағымдағы жылдың шілдесінде жүзеге асырылмақшы

Ағымдағы жылдың шілдесінде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру басталады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков Сенатта өткен «дөңгелек үстелде» хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Тұтастай алғанда, біз осы жылдың шілдесінен бастап бағдарламаны жүзеге асыруға кірісеміз деп отырмыз. Сәуір айында Ұлттық банк басқармасы қазір тіркеу процесінде тұрған «Баспана» ипотекалық ұйымын құрды. Мамыр айында бағдарламаның негізгі ережелері мақұлданады және заңнамалық өзгертулерді ескере отырып, бағдарлама шілде айынан бастап іске асырылады деп күтілуде»,- деді Олег Смоляков.
Ол сондай-ақ, жалпы алғанда, бағдарлама сәтті болуы керек деп санайды.
«Себебі біз 7 % -бен несие рәсімдейтін елдердің салыстырмалы статистикасын алдық. Онда жұмыс істемейтін несие алушылардың деңгейі 4% -дан аз. Бұл қарыз алушыларға өз кірістеріне сәйкес несиелерін уақытында өтеулері үшін жасалған ең жақсы жағдай. Сондай-ақ, бұл ретте банктердің де жағдайы маңызды. Банктер үшін бұл көп шығын келтірмеуі керек»,- деп түйіндеді Олег Смоляков.
stan.kz
18 мамыр 2018 ж. 1 147 0