Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Алмас Алматовтың антологиялық еңбегі халықаралық «Кітап өнері» байқауында топ жарды

Алмас Алматовтың антологиялық еңбегі халықаралық «Кітап өнері» байқауында топ жарды

Мәскеуден сүйіншілейтін хабар жетті. Жерлесіміз, алтын дауысты жырау, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматовтың «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» антологиялық жобасы ТМД мемлекеттерінің XVIII «Кітап өнері» халықаралық байқауында топ жарды.

Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен қазақстандық 40 жыраудың өнері күйтабаққа кірістіріліп, басылым қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ғылыми түсініктемемен жарық көрген.
«Сыр елі- жыр елі» деп танылған жердің дәстүрлі жыраулық өнерін дамытуға үлес қосқан Алмас Алматовтың жобаға үлес қосқан әрбір азаматқа алғысы шексіз.

«Редакциялық алқа:
Оңдасын Оразалин – алқа төрағасы,
Ақтөбе облысы әкімі,
Нұрхан Кәдірбаев – төрағаның орынбасары,
Ақтөбе облыстықмәдениет, архивтер және құжаттамабасқармасының басшысы,
Жұманазар Асанов – жобаның ғылыми кеңесшісі,
С.Бәйішев атындағы университеттің профессоры, ф.ғ.д.
Сонымен қатар
Күнсұлу Түрікпен – музыкалық редактор,
«Қазақконцерт» мемлекеттік мекемесінің артист-солисі, өнертану магистрі.
Бекарыстан Мырзабаев – жоба менеджері, өлкетанушы, Дастан Палмақов – дыбыс режиссері, Ляйла Омарова – жауапты шығарушы, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры.
Амангелді Сәндібайұлы – сазгер, музыкалық шығармаларды көркемдік өңдеуші,
Айнұр Баядилова мәтінді орыс тіліне аударған, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі,
Айнұр Кущанова ағылшын тіліне аударды, ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Маңызды еңбекті шығаруда сіздердің үлестеріңіз зор. Әрбіріңізге алғыс айтамын», – деп жазды жырау фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, танымдық еңбек «Қазақ кітабы» баспасында жарық көрген, көлемі 84 беттен тұрады.
Мөлдір СНАДИН

syrboyi.kz

26 қыркүйек 2021 ж. 797 0