Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылордада республикалық ақындар айтысы басталды

Қызылордада республикалық ақындар айтысы басталды

syrboyi.kz Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Абай жолымен" атты республикалық ақындар айтысы басталды.Сөз додасы "Nur Otan" партиясының және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына  орай өткізіліп отыр. 
Оған Серік Құсанбаев (Өскемен қаласы), Айбек Қалиев (Арқалық қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан қаласы), Аруна Керімбек (Ақтөбе қаласы), Жансая Мусина (Орал қаласы) Аян Ниязбек (Шымкент қаласы), Сұлужан  Тауболды (Алматы қаласы), Кенжебай Жүсіпов, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Бексұлтан Орынбасаровтар (Қызылорда қаласы) қатысуда.
Аламан бәйгені ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізуде.
Жырдан қаймақ қалқыған сөзуарлардың шабысын танып, кестелі ой, көркем сөзін бағалайтын қазылар алқасы -  Халық ақыны, Қазақстан Республикасының мәдениет және білім саласының үздігі, А.Тұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы «Өнер» студиясының директоры, қазылар алқасының төрайымы Әсия Беркенова, алқа мүшелері ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, республикалық «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай, жазушы, филология ғылымдарының докторы, халықаралық «Алаш», І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты Тұрсын Жұртбай, жырау, фольклор зерттеушісі,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Алмас Алматов және  ақын, журналист, публицист Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшесі, республикалық «Ана тілі» газетінің  бас редакторы Жанарбек Әшімжан  секілді қара сөздің қадірін түсініп,талай тартысқа әділ төрелік жасаған белгілі сөз сараптары.
27 ақпан 2020 ж. 1 066 0