Қызылордалық жас айтыскер өнер бәйгесінде жеңімпаз атанды

«Әрине қарсыластарым мықты болды. Бұл жерде біздің мақсатымыз сөз таластыру емес, тыңдарманның көңіл түкпіріне ой салу. Тәуелсіз елдің ұланы ретінде еліміздің жеткен жетістігі мен жастарға берілген мүмкіндіктерді жырладым. Нәтижесінде жүлдегерлер қатарынан көріндім. Кеңдігемен танылған байтақ елімді жырлаудан шаршамаймын», – деді Бексұлтан Орынбасар.
Байқауға 30 үміткер өтініш берген. Оның 16-сы іріктеуге өтіп, 8 жұп бақ сынады. Жеңімпазға «Күміс домбыра» табысталып, қалған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
kyzylorda-news.kz