Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Анашым, дем жетпей жатыр деді": Қайрат Нұртастың ұлының жүрегіне ота жасалды

"Анашым, дем жетпей жатыр деді": Қайрат Нұртастың ұлының жүрегіне ота жасалды

Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл ауруханада жатыр. Әншінің жары Жұлдыз Әбдукәрімова ұлының жағдайын айтып берді. Өзіне тілекші болған ағайынға алғысын білдірді.

Анасының айтуынша, ұлы Нарұлдың жүрегіне осыдан үш жыл бұрын ота жасалған. Ол кезде жасы небәрі 7-де еді. Енді араға уақыт салып денсаулығы қайта сыр беріпті.

“Желіде белсенді емеспін. Себебі ауруханада уақыт өткіздік. Ұлым Нарұл 7 жаста болғанда жүрегіне ота жасалған еді. Жақында жүрегі шанши бастады. “Анашым, дем жетпей жатыр” деді. Өзімді қоярға жер таппай кеттім. Алла ешбір ананы баламен сынамаса екен. Дереу 1-қалалық ауруханаға жатқыздық. Кейін кардиологиялық орталыққа ауыстырды. Себебі осында 3 жыл бұрын ота жасалған еді. Дәрігерлер ұлымның барлық жағдайын біледі. Тексерістен өткен соң қажетті емін алады. Тек отасыз-ақ емделіп кетсе екен”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Көпшілік Нарұлға шипа тілеп, ата-анасына сабырлық тіледі. Жұлдыз ханым өзіне жанашырлы танытқан барша жанға алғысын білдірді.

Жұлдыз Әбдукәрімова: Театрда жезөкшенің рөлін ойнадым
“Құдай ниетіңе қарай береді дейді ғой. Қазақтың ниеті де, көңілі де қандай кең еді. Нарұлдың ауруханаға жатқанын естіп, 1 сағаттың ішінде қаншама жылы тілек, дұға келіп жатыр. Өмірде көрмеген, таныс емес жандар жылап, уайымдап жазып жатыр. Тіпті, “ертең ауруханаға барамыз” деп жазып жатқандар қаншама. Алла ниеттеріңізге еселеп берсін
27 қазан 2021 ж. 1 530 0