Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ әншісі "Ресей дауысы" шоуында барлығын тәнті етті

Қазақ әншісі "Ресей дауысы" шоуында барлығын тәнті етті

Әміре атымен танымал әнші Ернар Сәдірбаев "Голос" шоуының орыс тіліндегі нұсқасына қатысып, төрт тәлімгерді де тәнті етті.

Ернар Сәдірбаев Стиви Уандердің  Part-Time Lover әнін орындады. Әділқазылар алқасымен әңгімесінде өнерпаз Нұр-Сұлтаннан келгенін айтты.
"Сіздің мелизматикаңыз керемет", - деген қазылар алқасы Пелагея мен Леонид Агутин әншінің өнеріне тәеті болғанын айтты.

Ернар Сәдірбаевтың өзі тәлімгер ретінде Дима Биланды таңдады.

Айта кетейік, Ол Беларусьте өткен "Славян базары" байқауында бірінші орынды иеленді. Ақтық сынға дейін жетіп, орындау шеберлігімен, дауысымен ерекшеленген Әміре румыниялық қарсыласымен тең түскенімен, бас жүлдені әділқазылар Марчел Рошкаға беруді ұйғарды.

Бұған дейін қазақстандық Әділхан Макин қазылар алқасының мүшелерін өнерімен қуантып, "Ресей дауысында" тәлімгер Александр Градский командасының мүшесі атанған болатын.

massaget.kz
31 қазан 2021 ж. 1 816 0