9 жасар алматылық ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)

Тіпті әділ қазы мүшесі "тіпті мен де бұл нотаға дәл түсе алмаймын, сен әрбір нотаға дәл түсе білдің",- деп баға берді. Алайда Жан Макимге тек Меладзе ғана бұрылып, оны өз командасында көргісі келді. Пелагея мен Светлана Лобода да Жанның өнеріне жоғары баға берді.
Жан Маким – ресейлік байқаудың алтыншы маусымына сүрінбей өткен екінші қазақстандық. Бұған дейін оралдық Ержан Максим әділ қазылар алқасын тәнті еткен еді. Қазақ баласы өзінің тәлімгері ретінде Валерий Меладзені таңдаған болатын.