Әміре Дима Биланға шапан сыйлады

Ернар тәлімгері екеуінің арасындағы әңгімені өзінің Instagram парақшасында жариялады. Дима Билан немере әпкесі Қостанайда тұратынын айтып қалды, Ернар да өзінің қостанайлық екенін айтты.
Әңгіме арасында Әmrе Биланға қазақтың ұлттық шапанын, қалқан мен қамшыны сыйға тартты.
"Бұл ерекше саяхат болды. Керемет әндер, сөздер, сәттер, кезеңдер өмірімнен орын алды. Барлық хаттарды, пікірлерді оқып шықтым, жылы тілектеріңізге рахмет! Мен өзімнің және елімнің абыройын лайықты түрде асқақтаттым деп ойлаймын!", деп жазды әнші.