Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Танымал отандық әзілкеш отбасын құрды

Танымал отандық әзілкеш отбасын құрды

Белгілі әзілкеш, актер Нұрсұлтан Жақсыген отбасын құрды. Шоумен Фариза есімді тараздық қызды жар етіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Нұрсұлтан сүйіктісін киелі Тараз өңірінен сырлы Созақ өңіріне келін етіп түсіретінін қуана хабарлады.
“Бақытты сәттердің бал дәмін тек шынайы сүйгендер ғана тата алады, жаңбырша жауған теңіздей тілектерді оқып тойдың алдындағы толқуымды бір басып аламын! Алла ақ тілектеріңізді өздеріңізге екі еселесін, көзімнің нұры болған, жүрегімнің тыныштығы, ата-анамның сұп-сұлу келінін Алланың қалаумен бүгін киелі Тараз өлкесінен, сырлы Созаққа алып келгелі жатырмын! Алла жол берсін!” – деп қуанышымен бөліскен еді Нұрсұлтанның өзі желідегі парақшасында.
Нұрсұлтанның желідегі жазбаларына қарасақ, екі жастың үйлену тойы 2 қарашада өтетін көрінеді.
02 қараша 2018 ж. 2 708 0