Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Төреғали Төреәлі сахналық әріптестерін алдап кетті

Төреғали Төреәлі сахналық әріптестерін алдап кетті

Төреғали Төреәлі өнердегі әріптестерін алдап кетті. “Азия” тобының бейнебаянына түсуге уәде берген Төреш түсірілім алаңына келмеген. Ал “Ұлы дала баласына” сеніп қалған ұжым аяқ астынан сценарийді өзгертуге мәжбүр болған.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Азия” жігіттері “Бақай” тобымен бірігіп жазған «Класстастар» әніне бейнебаян таспаламақ болды. Дуэттің жарыққа шығуына Кентал, «91», Райым мен Артур, МС Сайлаубек сынды орындаушылардың белгілі тректері себеп болған.
“Былай қарасаңыз қаншама ән жазып жатырмыз. Мағыналы, өзінің ойы бар, ой салатын әндер көп жазып жатырмыз. Жоқ дегенде «Азияның» студиясынан айына 2-3 ән шығады да. Ғаламторға салсақ еш жерде жоқ. Сосын осындай бір ән шығарып көрейікші, тыңдай ма екен дедік. Шығардық, тыңдап жатқан сияқты. Енді көрейік ары қарай. Не керек, соны береміз ғой халыққа”, – дейді “Азия” тобы.
Екі ұжым аталған туындыға Төреғалиді де қатыстырмақ болыпты. Алайда бейнебаянда бой көрсету ұсынысын Төрештің өзі тастаған.
“Төреғалиге бұл әнді тыңдатқан кезде өзінің ұсынысы болды. «Мәә, жігіттер, мына жері бар екен маған келетін, сол жерді мен өзім айтайыншы» – деді”, – дейді ұжым жігіттері.
Бейнебаянда Төреғали мен әнші Мұқасан Шахзадаев диалог жүргізуі тиіс еді. Ал түсірілім алаңынан уақытында табылған Шахзадаев әріптесінің бұл қылығын түсіне алмай дал болды.
“Төреғали келу керек болған. Сағат 11:00-де келу керек болған шатаспасам. Сағат қазір… Қазіргі таңда сағат неше болды екен? Сағат қазір 13.00 болыпты”, – дейді Мұқасан Шахзадаев.
Түсірілім командасы тас-түйін дайын болғандықтан, сценарийді аяқ астынан өзгертуге тура келген.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshowарнамыздан оқыңыздар.
Stan.kz
05 желтоқсан 2018 ж. 1 742 0