Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

Ресейлік кино және театр актрисасы, тележүргізуші Анастасия Заворотнюк 53 жасында өмірден өтті. Бұл жайында әртістің жақындары оның әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Құрметті достар! Бұл жағдайды түсіну және дұрыс сөз табудың өзі өте қиын. Бүгін түнде ұзаққа созылған ауыр науқастан біздің Настяның өмірі үзілді. Оған шын жүректен жақсылық тілеп, сауығып кетуіне тілектес болған, жылы сөзін аямаған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз. Настя сіздердің қолдауыңызды әрқашан сезініп, бағалай білді. Қоштасу орны мен уақытын кешке хабарлаймыз» делінген актрисаның Instagram парақшасында.

Анастасия Заворотнюк 1971 жылы 3 сәуірде Астрахан қаласында дүниеге келген.

2019 жылдан бері киноға түсуді тоқтатып, ми ісігімен (глиобластома) күресті.

Қазақстандық көрерменге «Менің сүйікті күтушім» сериалы арқылы кеңінен танылған.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: kaz.nur.kz
30 мамыр 2024 ж. 1 762 0