Гаухар Әлімбекованың бұрынғы құрбысы әншіні тағы сотқа берді
Белгілі әнші Гаухар Әлімбекованың ісі мүлдем басқа арнаға бұрылуы мүмкін. Осыған дейін әншіге алдандым деп оны сотқа беріп әрі сотта жеңіп шыққан Бақыт Назарова бостандықта жүрген Гаухар Әлімбекованың үстінен тағы да сотқа арыз түсірді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Бақыт Назарованың айтуынша, әнші әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, абыройын аяқ асты қылған. Соның салдарынан Назарова көшеге шыға алмай қалдым деп тағы шағымын жеткізді.
Дүйсенбі – Бақыт Назарованың жалғыз демалыс күні. Басқа күндері жан бағу үшін «барахолка» аталып кеткен ашық базарда сауда жасайды. Жасы алпысқа жақындаған әйелдің жұмыс істеуден басқа амалы жоқ. Ай сайын алқымнан алатын 330 мың теңге несием бар дейді ол.
Алайда, бұрынғы құрбысы Гаухар Әлімбекова екеуінің арасындағы баспана дауынан кейін Бақыттың базарға шығып, нәпақасын табуы да қиындап кетті.
«Мені танып қалған адамдар келіп: «Саған осы не керек? Проблема іздеп жүрсің бе?» деп ауыр сөздер айтатын болды. Мен қорқа бастадым. Өзім несиемді төлей алмай қысылып, қарызданып жүргенде бұл оқиға менің жүрегіме қатты әсер ете бастады. Мен адам көрсем дірілдейтін болдым», - дейді Бақыт Назарова.
Ал Әлімбекованың жүрегі аса қатты дірілдемейтін сияқты. Гаухар ақ гипске оралған қолына қарамастан Ақбота Керімбекованың тойына барып, келінін қарсы алды. Тіпті, «Орындалған арман» деген ән де жазып үлгеріпті.
Бақыттың жанына батқаны - әншінің әлеуметтік желіде өзін меңзеп қаралауы. Осыдан кейін Назарова Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына арыз жазып, Президенттің атына хат жолдапты.
«Себебі, Әлімбекова өзінің инстаграм парақшасында мені «Б әпке тойға барғанымды, ән салғанымды көре алмай, үстімнен арыз жазып жатыр екен» деп жалған ақпарат таратып отырды. Алғашында мен оған мән бермедім. Себебі, жеке арымның алдында таза болғандықтан, жарайды ештеңе етпейді деп отыра бергенмін»,- дейді жәбірленуші Назарова.
Ал Әлімбекованың қоғаушысы Абзал Құспан әншінің қандай да бір мәлімдеме жасауға оның моральдық құқығы бар деп есептейді екен. Тіпті, бұл істе Әлімбекованы темір торға қамағысы келетін топтар бар дейді адвокат.
«Тек қана жәбірленуші Бақыт Назарова емес, басқа да адамдармен ұйымдасып істегендері белгілі болып отыр. Себебіне мысал келтірсем: Гаухар Әлімбековамен қатар Феруза Ордабаева деген кісі де сотталған болатын. Міне, сол Феруза Ордабаеваның тергеу кезінде болған адвокаты Құсайынов сотқа келген кезде жәбірленуші Бақыт Назарованың қорғаушысы болып кетті. Мұны біз қазір 100 пайыз анықтап отырмыз. Сот үкімімен-ақ шығып отыр бұл мәселе»,- дейді Гаухар Әлімбекованың қорғаушысы Абзал Құспан.
Адвокаттың айтуынша, аппеляциялық сотта көптеген қызық жәйттердің басы ашылмақ. Ал Бақыт Назарова адвокат Құсайыновты істі жақсы білгені үшін ресми өкілі болуға өзі сұрап алғанын айтады.
almaty.tv