Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Асыл тасты жұлдызнамаға қарап таңдаңыз

Асыл тасты жұлдызнамаға қарап таңдаңыз

Асыл тастар иесін келеңсіз жәйттен сақтап, сәттілік әкеледі дейді болжамшылар. Жұлдызшылардың айтқанына құлақ асқан артық болмайды. 
Егерде сіз тоқты белгісіндегі жанға асыл тасты бұйым сыйлауды жоспарлап жүрсеңіз, оған лағыл (рубин), яғни қызыл түстісін сатып алыңыз. Бұл ұзақ әрі берік махаббаттың белгісі. Сүйген адамыңызға сыйға берсеңіз қарым-қатынастарыңыз мықты, сүйспеншіліктеріңіз,сезім сақталады, дейді жұлдызшылар. Сонымен бірге тоқты белгісіндегілер үшін бақыт әкелетін тастың бірі гаухар. Барлық істе сәттілік әкеледі, аурудан, келеңсіз жәйттер мен көз өтуден сақтайды. Қорғаныш ретінде гаухар тасты жүзікті сол қолға және алқасын тағады. 

Торпақтар асыл тасты зергерлік бұйымдардың сәнділігіне аса мән береді. Олар заманауи үлгідегі және сирек кездесетін тастарды таңдайды. Торпақтар үшін бақыт тасы аспан түсіндегі мәселен көгілдір ақық, ( бирюза), жақұт (сапфир) — көз тиюден сақтайды. Махаббатты қорғайды, үйге тыныштық, мамыражайлылық сыйлайды. Алайда ақықты тек жастар таққаны жөн. Ал 30-дан асқандар одан бас тартқаны жөн. 

Егіздер зергерлік бұйымдардың әдемілігіне қызығады. Арзандарына да құмар. Бұл белгіде туылғандарға ұсақ көзді гаухар, (бриллиант), топаз, меруерт (изумруд) тасы бар, артық безендірілуілері жоқ бұйымды сыйлаған жөн. Егіздер үшін аталған тастар сәттілік әкеледі. Мұндай зергерлік бұйымдарды атақты актриса Анджелина Джолидан көруге болады. 

Шаяндарға ешқашан ыдыс аяқ жиынтығы, стақан сыйламаңыз. Бұл оның жүрегін жаралуға, нәзік болмысына өзгеріс әкелуге апарады. Олар үнемі жақындары мен айналысындағылардан ерекше пайдалы сый күтеді. Шаян су мен Ай белгісі болғандықтан оларға інжу (жемчуг), маржан (коралл), құлпырма тас (перламутр), ай тасты (лунный камень) бұйымдар табыс еткен дұрыс. Бұл оларға бақыт әкеледі. 

Арыстан үшін алтын бұйымдардан артығы жоқ. Дегенмен бұл металдан жасалған бұйымның дизайнына, көлеміне аса мән беру міндетті. Арыстан белгісінде туылғандарға әшекейдің біреуін немесе бірнешеуін таққан ұнайды. Ал сырғаның көзге көрінетін қалайды. Арыстандар үшін лағыл (рубин), топаз және гаухар тасты (бриллиант) зергерлік бұйым пайдалы.Әрдайым өз ортасында беделін көтеріп, ерекшелендіріп тұрады. 

Бикештер үшін сыйлықтың қарапайым, әрі сапалы болғаны маңызы. Олар інжу, (жемчуг), гаухар (бриллиант) қажетті. Бұл белгіде туылғандар үшін бақыт әкелетін тастардың бірі көкшіл түсті минерал (нефрит). Ол бикештерге конкурс, сайыстарда сәттілік әкеледі және иесін сырт көздерден қорғайды. 

Сәнді әрі көлемді және қымбат металдан жасалған зергерлік бұйымдар таразылардың басын айналдырады. Олар қолтырауын бейнеленген үлкен сақина тағуға құмар. Таразы белгісінде туылған қыздарға гаухар тасты (бриллиант) бұйым үнемі жаңа өзгерістер әкеледі. Сондай-ақ жақұт (сапфир) және жасыл ақық (аквамарин) сәттілік сыйлайды оларға. 

Сарышаяндар белгілі бір мағынасы бар зергерлік бұйымдарға мән береді. Оларға арналған жасыл ақық (аквамарин), маржан (коралл) және анартас (гранат) яғни күрең-қызыл түсті асыл тасты сыйласаңыз қателеспейсіз. Маржан сарышаяндардың нәзіктігін көрсетеді және жасыл ақық жұмсақ мінезін байқатады. Анартас қиындықты жеңуге септігін тигізеді дейді жұлдызшылар. 

Мерген белгісінде туылғандардың сары түсті топаз немесе көкшіл көзді мөлдір тасты (аметист) бұйымдарды таққаны дұрыс. Бұл тас- махаббаты жауапсыз қалғандарға көмектеседі, тас жүректерді жібітеді дейді болжамшылар. Сондай-ақ мергендерге алтын бұйым, ақ алтын (платина)және күміс пайдалы. 

Тауешкілер үшін лағыл тас (рубин)аса маңызды саналады. Олар ескі үлгідегі мағынасы бар зергерлік бұйымдарды ұнатады. Сирек кездесетін, тіпті қолөнер шебері жасаған асыл заттарды сатып алса артық болмайды оларға. Өмірін жеңілдетеді, қиындықтан тез шығуға көмектеседі. 

Суқұйғыш аты айтып тұрғанындай су секілді, мөлдір, көк түстілерге жаны құмар. Олар арзан мен қымбат зергерлік бұйымдарды үйлестірудің шебері. Бұл белгіде туылғандарға жақұт (сапфир) және көкшіл түсті мөлдір асыл тас (аметист) маңызды. 

Балықтарға өзен және теңіз інжуін (жемчуг) таққан дұрыс. Бұл белгіде туылғандарға міндетті түрде ақ алтын, күмістен жасалған бұйымдар сыйлаған жөн. Балықтар аса сән қумайды. Олар өз талғамына сенеді. Зергерлік бұйымдардың классикалық үлгіде болғаны дұрыс.
reactor.inform.kz
02 қазан 2018 ж. 2 296 0