СЕРІКБОЛ САЙЛАУБЕК САЛЫҚ ТӨЛЕМЕЙТІНІН ЖАРИЯ ЕТТІ

Айтуынша, бір көзі мүлде көрмей, екіншісі нашар көретіндіктен, ол 16 жасында зейнетке шыққан. Сол себепті, "Үкіметтен зейнетақы аламын. Бір жағынан зейнетақы беріп, бір жағынан салық алмайтын шығар деп ойлаймын", - дейді ол. Серікболдың сөзіне қарағанда, күніне бірнеше тойға дейін қызмет көрсететін әншілердің табысын бақылаудың өзі мүмкін емес.
"Біз ақшаға барғаннан гөрі тегін көп жүреміз. Туған-туысқаның, дос-жараның бар. Туған-туысқаныңның араласатын достары бар. Бармасаң ренжиді. - Жұлдыз болып кеттің ба? - дейді. Бала-шағамыз тағы бар. Мысалы, менің төрт балам бар. Несін жасырайын, әлі пәтерде тұрамын. Ақырын-ақырын бой түзеп, 1-2 жылдай болды, намысқа тырысып, анама үй салып берейін деген ниетпен салып жатырмын. Ешкімді арбап, я бір тоналған ақша емес. Маңдай теріммен тапқан ақшам", - дейді Серікбол. newsroom.kz