Қазақстандық әнші "Славян базары 2025" байқауының жеңімпазы атанды

2025 жылғы байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегері – Қазақстанның атынан қатысқан Алмагүл Батталиева атанды. Отандасымыз жалпы 137 ұпай жинады. Финалда ол “Вечность” әнін орындап, тыңдарманның жүрегінен орын алды.
Алмагүл Батталиева – Жетісу облыстық филармониясының әртісі. Байқау барысында ол вокалдық тұрғыдан күрделі, әлемдік және ресейлік хит әндерді орындап, қазылар алқасын мықты дауысымен және харизмасымен тәнті етті.
Бірінші орынды Беларусь елінің әншісі Валерия Бернатович жеңіп алды. Екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Үшінші орын ресейлік Эрик Ахметов пен Қырғызстаннан келген Рыскелді Старбековке бұйырды.
Еске салайық, былтыр Ерназар Жұбан “Славян базары” байқауында бірінші орын иеленген еді.
Фото: stan.kz