Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сәуірдегі суық

Сәуірдегі суық

Қыс кеткенмен кетпей қойды ызғары,
Қары жауып, талға қатты мұздары.
Сәуір болмай тәуір болмас деуші еді,
Сәуір айы тәуір емес бізде әлі.

Жаңбыр жауып, бұлт торлайды аспанын,
Қараңызшы күннің қабақ ашпауын.
Мұз құрсаған сынып жатыр бұтақтар.
Жас жапырақ көтере алмай бастарын.

Табиғатта көрсетіп тұр тосын жай,
Дауылы да, жауыны да басылмай.
Соңғы нардың жүгі ауыр дегендей,
Бесқонақтың соңғы күні осындай.
Оңталап Жолдасов.
19 сәуір 2019 ж. 1 161 0