КІТАП AMANAT: Н. ТІЛЕНДИЕВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

Іс-шарада сазгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен сөз болды. Қатысушылар Тілендиевтің ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас қолтаңбасына тоқталып, оның қазақ мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті. Сонымен бірге композитордың халық жүрегінде жатталған шығармалары тыңдалды.
Кешке қатысқан жастар өкілдері Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын дәріптеу ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
#АМАНАТ