Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Кім екенін де білмедім": Асхат Тарғын Құдай есімін неліктен әнге қосқанын түсіндірді

"Кім екенін де білмедім": Асхат Тарғын Құдай есімін неліктен әнге қосқанын түсіндірді

Танымал әнші Асхат Тарғын әнінің мәтінін өзгертуге не себеп болғанын түсіндірді. Айтуынша, бұған Мария Магдаленаның шын мәнінде кім екенін білмеуі себеп болған.

"Бұл негізінен Италия елінің әні. Яғни аталған елдің тілінде "Мария Магдалена" деп айтылады. Бірақ, шыны керек, кім екенін де білген жоқпын. Ол кезде мен Ақтөбеде жүріп осы әнді тойға арнап жаздырған болатынмын. Аяқ астынан хит болып кетті. Сондай-ақ, ол әнді хит болсын деп жаздырған емеспін. Кейін Мария Магдаленаның кім екенін білген соң, әннің мәтіні өзгертілді. "Мария арман едің" деп өзгерттім", - деді Асхат Тарғын. 
Әдеби сыншы Әмина Құрман өз кезегінде бұл әннің өзге ұлт өкіліне арналуына көңілі толмайтынын жеткізді. 
"Сиырдың бүйрегіндей әндеріңде шаруам жоқ. Асхатқа баяғыдан риза болып жүргенмін. Айналайын-ау, қазақтың Мәриямына шығара салмайсың ба? Ол болмаса, орыстың Мәриям Жагорқызы сияқты қыздарына арнап шығармайсың ба? Ал Мария Магдалена деп отырғанымыз - гректің сұлулық құдайы. Ол жалаңаш денесімен тарихта қалған", - деді сыншы. 
stan.kz
12 маусым 2019 ж. 1 397 0