Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тіл-көзден сақтасын": Асхат Тарғынның отбасылық суреті жұрттың жүрегін елжіретті

"Тіл-көзден сақтасын": Асхат Тарғынның отбасылық суреті жұрттың жүрегін елжіретті

Әнші Асхат Тарғын отбасылық суретін жариялап, жұрттың жүрегін елжіретті,

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық суреттерін жүктеген. Балаларын құттықтаған ол ата-анасын да жұртқа көрсетуді ұмытпаған. Асхат Тарғынның сүйкімді перзенттері мен берекелі отбасы жұртты сүйсіндірді. 
"Балаларды қоғау күні мерекесімен құттықтаймын. Бала адамның болашағы ғой, ұл-қыздарымыз аман болсын!", - деп жазды Асхат Тарғын.
Жұрт әншіге ақ тілегін ақтарып, жағымды пікірлерін жарыса жазды.
"Тіл-көзден сақтасын", "Ұлыңыз өзіңізге ұқсайды екен", "Асхат, қандай тамаша әкесіз", "Бақытты болыңыз. Балаларыңыздың қызығын көріңіз", - деп пікір жазды желідегілер.

http://stan.kz
  

05 маусым 2019 ж. 1 687 0