Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Гүлекең екеуміз ғана едік": Келіндерімен мақтанған Нұртас Айдарбек жұрттың жүрегін елжіретті

"Гүлекең екеуміз ғана едік": Келіндерімен мақтанған Нұртас Айдарбек жұрттың жүрегін елжіретті

Келіндерін көрсетіп мақтанған Нұтас Айдарбек жұрттың жүрегін елжіретті

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасына қос келінінің суретін жүктеп, отбасымен мақтанды. Гүлзира Айдарбекова екеуі үлкен отбасын құрып, бала-шағасының қызығын көріп отырғанына шүкіршілік етті ол.
"Алланың маған бергені. Ендігі тілегім Алла ғұмыр берсін құлындарыма. Басында Гүлекең екеуміз ғана едік. Алла берді басымыз көбейді, сіздерге де соны тілеймін ораза айында ағайын!" - деп жазды Нұртас Айдарбек.
Бұл жазбаны көрген желі қолданушылары Айдарбековтердің отбасына тілектерін айтты.
"Сондай кеңпейіл адамсыз. Немере, шөбере сүйіңіз", "Елімізде осындай бақытты отбасы көп болсын", "Аман болсын, тіл-көзден сақтасын", - деп жазды жұрт.
http://stan.kz
21 мамыр 2019 ж. 1 434 0