Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » «Қазақфильмнің» 12 картинасы XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатыспақ

«Қазақфильмнің» 12 картинасы XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатыспақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 29 маусым 6 шілде аралығында Нұр – Сұлтан қаласында өтетін XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның 12 картинасы қатыспақ.

Барлық картиналар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Фестиваль ұйымдастырушысы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша) болып табылады. Фестиваль Президенті – танымал кинорежиссер, жазушы, Кинематографистер Одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсынов.
Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі фетивальді ашылады.
Киностудия фильмдері фестивальдің әртүрлі бағдарламаларына енгізілген:
Негізгі байқау – Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» фильмі.
Деректі фильмдердің конкурстан тыс «Объектив» бағдарламасына – Берік Жахановтың «Ата кәсіп» фильмі.
«Ерекше оқиға» конкурстан тыс бағдарламасына - Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі.
«Еуразия жүрегінен» қазақ кинематографиясының конкурстан тыс бағдарламасына киностудияның 8 картинасы кіреді:
Реж. Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы»/ Хранитель»
Реж. Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана»
Реж. Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ»
Реж. Азиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбековтың «Қыз бен теңіз»
Реж. Эмир Байгазиннің «Өзен» фильмі
Реж. Ардак Әмірқұловтың «В Безмолвии» фильмі
Реж. Хуат Ахметовтың «Әруақ»
28 маусым 2019 ж. 108 0