Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде халықаралық фестиваль өтуде

Сыр өңірінде халықаралық фестиваль өтуде

Өңірімізде «Парасатты поэзия» халықаралық фестивальдің бағдарламасына сәйкес қатысушы ақындар облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа нысандармен танысты. Фестивальге қатысушы Түрік, Әзербайжан Жазушылар одағының мүшесі Мехмед Нури Пармаксыз (Түркия), Әзірбайжан Жазушылар одағының баспасөз хатшысы, Әзербайжан және Евразия Жазушылар одағының мүшесі Хаял Рза (Әзірбайжан), Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Байбота Қошым-Ноғай мен Қалқаман Сарин т.б. «Рухани жаңғыру» орталығының жұмысымен және қаламыздың көрікті орындарын аралады.
Сондай-ақ, фестиваль қонақтары «Жазушылар композициясы» ескерткіші жанында ұйымдастырылған «Жастар жырлайды» атты жыр кешіне қатысты.
Еске сала кетейік, фестиваль Сыр елінде 26-30 мамыр аралығында өтеді.
https://kyzylorda-news.kz/
28 мамыр 2019 ж. 1 065 0