Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Жазушылар одағының басшысын қабылдады

Тоқаев Жазушылар одағының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұлттық рухани әлеуетті ілгерілетуде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқарады
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ұлықбек Есдәулет мемлекет басшысына әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, Жазушылар одағының төрағасы биыл Қазақстанда өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық барысы туралы баяндаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сөз соңында президент Жазушылар одағының жұмысына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.
https://sputniknews.
23 мамыр 2019 ж. 932 0