Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Екі суреттің арасы 50 жыл: Димаш пен атасының ұқсастығы жұртты қайран қалдырды

Екі суреттің арасы 50 жыл: Димаш пен атасының ұқсастығы жұртты қайран қалдырды

Света Айтбаева желідегі парақшасында арасын жарты ғасыр бөлген суретті бөлісті. Аталған суреттегі Димаш пен атасының ұқсастығы жұртты қайран қалдырды.

Желі қолданушылары Димаш пен оның атасының ұқсастығына қатты таңғалып жатыр. Әншінің отбасының тұңғышы болғандықтан, ата-әжесінің қолында тәрбие алғандығы белгілі. Сондай-ақ, оның музыка әлеміне қадам басуына осы жандар себепші. Өйткені, бала күнінен түрлі үйірмеге апарып, вокалдағы мүмкіндіктерін шыңдауға көмектескен екен. 
Енді міне әншінің тыңдармандары тек тәрбие үшін емес, дене сымбаты үшін алғыс айтып жатыр. 
«Атасы, әкесі, баласы – үшеуі бір-бірінің көшірмесі ғой», «Қастары қатты ұқсайды екен», «Атасының аузынан түсіп қалғандай екен», «Атасының жас кезінен аумайды екен» «Бұл Қанат па әлде атасы ма?», «Қандай ғажап сурет», «Атаңа ұқсаған өнеріңмен биік белестерді бағындыра біл. Тіл-көзден аман бол» деп жазды желі қолданушылары. 

https://stan.kz
30 шілде 2019 ж. 988 0