Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ҰБТ тапсыру тәртібі тағы өзгереді

ҰБТ тапсыру тәртібі тағы өзгереді

baq.kz  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептен кейінгі білім беру жүйесінде болатын өзгерістерді атады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру тәртібі электронды форматқа көшіріледі. Гранттардың бірнеше түрі енгізіліп, жоғарғы оқудың ашықтығы, қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға арналған жатақханалар салынады. Педагогика мамандарын даярлайтын 85 университетке  қосымша талап қойып, олардың санын әлдеқайда азайтып, олардың материалдық базасын нығайтамыз. Бізде педагогтерді даярлау өте маңызды мәселе, - деді Білім және ғылым министрі.
Аймағамбетов колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 60%-дан 75%-ға дейін жететінін айтты. Жоғары білім бағдарламалары кәсіби стандарттарға негізделіп, 100% жаңарады. Шетел студенттерінің саны жалпы контингенттің 10%-ын құрайды. Министр білім гранттарың құны артатынын атап өтті.
Білім гранттарын орташа алғанда 340-420 мыңнан 900 мыңға дейін өсіру арқылы профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысын көтеру, университеттердің материалдық базасын жақсарту көзделіп отыр. Бұл көптен күткен жаңалық. 2011 жылдан бастап грант құны жалпы бұлай өзгермеген. Осыған бюджетен 244 млн теңге қарастырылады. 10 университетте академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 21 млрд теңге бөлініп, 10 университет әлемнің үздік 500 университеті қатарына кіреді, - деді Аймағамбетов.

19 желтоқсан 2019 ж. 826 0