А.Аймағамбетов: Студенттердің шәкіртақысы 102 498 теңге болады

2020 жылдан бастап шәкіртақы көлемі бакалавриат студенттері үшін 20 949 теңгеден (54 доллар) — 26 186 теңгеге (67 доллар), магистратурада білім алатын студенттер үшін 53 530 теңгеден (137 доллар) — 66 913 теңгеге (172 доллар) және докторантурада оқитын студенттер үшін 81 998 теңгеден (210 доллар) — 102 498 теңгеге (263 доллар) өседі.
Министр бұған қоса шәкіртақының көтерілуіне республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінетіндігін жеткізді.
«Бір жылда ЖОО-да білім алатын студенттерге шәкіртақы төлеу үшін 13 миллиард теңге жұмсалады. Сонымен қатар колледж студенттерінің шәкіртақысын көтеру үшін тағы алты миллиард теңге бөлінетін болады», — деді Аймағамбетов.
Ал орта білім алатын студенттердің шәкіртақысы 16 759 теңгеден (43 доллар) — 20 948 теңгеге (54 доллар), ал жоғарылатылған шәкіртақы көлемі 19 272 теңгеден (49 доллар) — 24 090 теңгеге (62 доллар) көтеріледі.