Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым -Жомарт Тоқаев жаңа жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы көтерілетіндігін айтты

Қасым -Жомарт Тоқаев жаңа жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы көтерілетіндігін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын көтеру туралы бұйрық берді, деп хабарлайды stan.kz  ақпарат агенттігі.

"ЖОО-да оқитын студенттердің шәкіртақысын көбейту өзекті мәселелердің бірі екендігін білемін. Бұл мәселе қараусыз қалып, 2016 жылдан бері студенттердің шәкіртақысы өзгеріссіз қалған еді. Негізінен бұлай болуының себебі бар. Сондықтан бакалавр, магистратура және докторантурада білім алатын студенттердің шәкіртақысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 пайызға көтерілсін. Бұл жағдайда 133 мың студентке қатысты", - деді Тоқаев. 
Бұған қоса мемлекет басшысы колледж студенттерінің шәкіртақылары да жоғарылайтынын қосты. 
"Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында техникалық мамандықтарда оқитын 122 мың тәлімгердің шәкіртақылары 30 пайызға көтерілген еді. Менің бұйрығым бойынша 2020 жылдан бастап орта білім алатын колледж студенттерінің шәкіртақысы да 25 пайызға көтеріледі. Бұл дегеніміз тағы 100 мың студент деген сөз. Бұл бастама жастар үшін маңызды қолдау болатынына сенімдімін", - деп қосты президент. 
Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің қызметі үшін де ақы тағайындауды ұсынды. 
"Мен үкімет бұл мәселенің шешімін табатынына сенемін. Ал ақылы бөлімде оқитын студенттерге қоғамдық студенттік кредит жүйесін енгізуді ұсынамын. Бұл жағдай академиялық кредиттерді волонтерлік жұмыс атқару арқылы жабуға болады деген сөз. Меніңше, бұл жастарды ынталандырудың жақсы тәсілі". - деді мемлекет басшысы.   

10 желтоқсан 2019 ж. 741 0