Салауаттылық сабағы
«О, Ноқайсыз мәубастар, Айтқам жоқ па мың қадап,
Темекінің түбі – рак,
Шикі өкпең болады «брак».
Никотиннен қауағың уланып,
Жатасың ми құрт боп құлап.
Сондықтан бүгіннен бастап,
Жаман әдетті тастап,
“Әкөркі» сорған сендер де,
Қырық жыл кеңсірігімді ыстаған мен де,
Темекіні «собсем» қоямыз.
Қайта ұсталған баланың,
Өз обалы өзіне,
“Төбесінен құй оямыз» –
деп сынып жетекшісі Сырман ағай,
Нақ шекеден шұқып, Көздеріне нұқып,
Қолға түскен бесеуге,
Арыстандай ақырып қалды.
Енді темекі көрсе ықылық тиетіндей етіп,
Ант-суын ішкізіп,
Қара терге түскізіп,
Тырнағын әжептәуір батырып та алды.
Ертеңіне директордың алдына,
Дедектетіп ата-аналарын шақырып та алды...
Ұзын сөздің қысқасы,
Болды мынау нұсқасы:
Тәрбие сағаты, тақырыптық кешті,
Шылымға қарсы арнаймыз деп шешті.
Дәйексөз ғып жаздырды плакатқа,
Салауаттылық туралы сөздерді.
Жалаулатқан «Ұлы бастаманың»,
Іске асқанын көз көрді.
Уақыт та жетті,
Бәрі де «на отлично» өтті.
Бұл шарадан нәтиже болған соң,
Мамандардың көңілі толған соң,
«Темекі – жауымыз» деген
Сырманның баяндамасы,
Облыстық «педчтениеге» кетті,
«Қадалған жерден қан алу керек,
Заманға қарай жаңару керек», –
деп Сырекең мұртынан күліп марқайды.
Сосын кең танауы жыбырлап,
көнектей ерні қыбырлап,
Шақшасын алып шалқайды...
***
Тәрбие деген ұлы күш,
Демеңдер әсте далбаса,
Темекіден тұра қашады, әне,
Сырман ағайдың шәкірттері...
...Тек қана әттең,
Жасырып насыбай ататындары болмаса.
Темекінің түбі – рак,
Шикі өкпең болады «брак».
Никотиннен қауағың уланып,
Жатасың ми құрт боп құлап.
Сондықтан бүгіннен бастап,
Жаман әдетті тастап,
“Әкөркі» сорған сендер де,
Қырық жыл кеңсірігімді ыстаған мен де,
Темекіні «собсем» қоямыз.
Қайта ұсталған баланың,
Өз обалы өзіне,
“Төбесінен құй оямыз» –
деп сынып жетекшісі Сырман ағай,
Нақ шекеден шұқып, Көздеріне нұқып,
Қолға түскен бесеуге,
Арыстандай ақырып қалды.
Енді темекі көрсе ықылық тиетіндей етіп,
Ант-суын ішкізіп,
Қара терге түскізіп,
Тырнағын әжептәуір батырып та алды.
Ертеңіне директордың алдына,
Дедектетіп ата-аналарын шақырып та алды...
Ұзын сөздің қысқасы,
Болды мынау нұсқасы:
Тәрбие сағаты, тақырыптық кешті,
Шылымға қарсы арнаймыз деп шешті.
Дәйексөз ғып жаздырды плакатқа,
Салауаттылық туралы сөздерді.
Жалаулатқан «Ұлы бастаманың»,
Іске асқанын көз көрді.
Уақыт та жетті,
Бәрі де «на отлично» өтті.
Бұл шарадан нәтиже болған соң,
Мамандардың көңілі толған соң,
«Темекі – жауымыз» деген
Сырманның баяндамасы,
Облыстық «педчтениеге» кетті,
«Қадалған жерден қан алу керек,
Заманға қарай жаңару керек», –
деп Сырекең мұртынан күліп марқайды.
Сосын кең танауы жыбырлап,
көнектей ерні қыбырлап,
Шақшасын алып шалқайды...
***
Тәрбие деген ұлы күш,
Демеңдер әсте далбаса,
Темекіден тұра қашады, әне,
Сырман ағайдың шәкірттері...
...Тек қана әттең,
Жасырып насыбай ататындары болмаса.
Ерғали Абдулла,
журналист, мұғалім
журналист, мұғалім