Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тақ пен табыттың иесі болмайды

Тақ пен табыттың иесі болмайды

Осман империясының 10-шы падишахы Сүлеймен Сұлтан (1494-1576) 46 жыл ел басқарып ең көп тақта отырған әрі ең көп жорыққа шықан падишах .Сол падишах өлім аузында жатқанда өзінің әскери қолбасшысын шақырып: «Ертең алда-жалда дүниеден өтіп кететін болсам, мынандай үш өтінішімді өсиет етемін » - деп айтқан екен:Бірінші өтініші жаназа табытын Осман империясына танымал, атақты, даңқты болған емшілер мен дәрігерлер көтерсін дейді;
Екінші өтініші табытты көтеріп жүретін жолдың барлығына алтын тастар мен жақұттар төселсін;
Үшінші өтініші оның екі қолы бүкіл халыққа көрінетіндей табыттан шығып салбырап тұрсын дейді.
Әскери қолбасшысы Сүлеймен Сұлтанның бұл өтініштеріне таңқалып мұның себебін сұрайды. Сүлеймен Сұлтан былай деп жауап береді:
- Менің жаназа табытымды атақты дәрігерлер мен емшілер көтерсін. Жаназаға жиналған барлық халық көрсін, тіпті мықты дәрігерлердің өзі өлімге қарсы дәрменсіз екендігін;
- Мен жинаған алтын тастарым мен жақұттарымды жаназа табытының қабірге дейін жүретін жолға төселсін. Дүйім жұрт көрсін, бұл өмірде жинаған байлықтың барлығы осы өмірде табанның астында қалатындығын;
-Бүкіл халық менің екі қолымды көздерімен көрсін. Сүлеймен Сұлтанның өзі мына өмірден құралақан кетіп бара жатқандығын. Осындай өнегелі өсиетпен өмірден өткен екен.
Нұрдәулет Төрежанов
12 наурыз 2020 ж. 1 307 0